«TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының қабырғасында құрылған. «Тұран» – қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заманның талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді.
«Хассақ» фольклорлы-этнографиялық ансамблі – тамыры тереңде жатқан кешегі ержүрек Түркінің ұранға басқан жауынгерлік сарыны мен дәстүрлі қазақ музыкасының бір арнада тоғысуынан туындаған жаңа заманның жаңғырығы. «Хассақ» ансамблінің орындауындағы шығармалар көркемдік жағынан өте бай, ұлттық тәрбиеде орасан зор маңызы бар мәдени құндылық болып табылады. Қайта тіріліп келе жатқан асқақ рух һәм өр намыстың асқақ үні десек артық емес. Қазақ халқының ұлттық аспаптық музыкасын өзіндік бояуымен қазіргі заман тыңдарманының талғамына сай насихаттап, көне аспаптарын қайта жаңғыртуда өзіндік үлесін қосып келе жатыр. Өздерінің музыкасында қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, саз сырнай, шаң қобыз сынды аспаптарын қайта жаңғырған көне аспаптармен (мүйіз сырнай, ұра, барбыт, мес сырнай, қамыс сырнай, т.б.) үндестіріп, ерекше қолдана білгенін көруге болады.
Асқар Жағыпарұлы Жүсіпбеков (1955 ж.т., Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ағатан ауылы) – техника ғылымдарының докторы (1985). Ленинград инженер-құрылыс институтын (1977, қазіргі Санкт-Петербург) бітірген. 1996 жылдан Қарағанды металлургия ин-тында кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. 100-ден аса ғыл. еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы бар.
Алашұлы тобы - 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған ұлттық дәстүрді ұлықтаған музыкалық топ.
Топ мүшелері:
Рамазанов Ерзат сынды жігіттерден құралған.
Бас директоры әрі продюсерлері – Назгүл Қарабалина. Алашұлы тобының жеке парақшасы @alashuly_group
Алғаш топ болуды ойластырғанда-ақ олар жерге, руға бөлінбей, «бір атаның емес, барша Алаштың ұлы болайық» деген мақсат қояды.
Топтың көздеген мақсаты – жастардың рухын көтеріп, қазақтың өнерін кеңінен насихаттау, әрі жер-жаһанға таныту. Сонымен қатар айтылмай жүрген, ұмыт болып бара жатқан термелер мен жырларды қайта жаңғырту. Бір сөзбен айтқанда — өткенді жаңғырту. Осы мақсатты орындау барысында жігіттер түнгі клубтарда да ұлттық нақыштағы әндерді шырқауға дейін барған екен.
«Алаш ұлдары» шоу-бизнеске алшаңдап тұрып қадам басты. Алаш идеясы – ұлттың иедеологиясы болса, «Алашұлы» этно-тобының әні – ұлттық әуенге айналды. Ата салтын ардақтаған «Алашұлының» әндері жұрттың делебесін қоздыратын мәнерімен бірден жүректерді жаулап алды. Үстіндегі ұлттық киімдері де, билері де «Алашұлы» деген атқа лайық жарасып, ерекше өзіндік стильдерін танытты.